Жаттығу кезінде не болғанын ұмытқан сияқтысың – Шавкат Рахмонов ирландиялық файтерге

Редактор
30.06.2024, 17:51

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері желтоқсаннан бері октагонға шыққан жоқ

globallookpress.com

Ирландиялық UFC файтері Иэн Гэрри (15-0) Шавкат Рахмоновты кезекті рет жекпе-жекке шақырды.

Бүгін Лас-Вегастағы UFC 303 турнирінде өнер көрсетіп, Майкл Пэйджді жеңген Гэрри жекпе-жектен кейін бірден қазақ файтеріне үндеу тастады.

«Мен онымен бірге жаттықанмын. Оны сыйлаймын, болды. Бірақ, жеңілістер сериясындағы нөл деген цифраны бір деген цифраға айналдыратын алғашқы файтер боламын, бұл менің қолымнан келеді», - деді ол кезекті жеңісінен кейін.

Осы сөзді Рахмонов та күтсе керек, әлеуметтік желіде Гэрриге бірден жауап қатты.

«Иэн біздің жаттығу кезінде не болғанын ұмытып қалған тәрізді. Мен оның есіне түсіремін», - деп жазды қазақ спортшысы.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсан айында өткізген болатын. Содан бері ол жарақатын емдетіп, октагоннан алыстап қалды.

Материалда: