UFC-де жолы болмаған Жалғас Жұмағұлов грэпплингтен чемпион атанды

Редактор
30.06.2024, 10:19

35 жастағы спортшы UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, алтауында жеңілді

instagram/zhumagulov_zhalgas

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та өткен грэпплингтен NAGA турнирінде (Солтүстікамерикалық грэпплинг қауымдастығы) жеңімпаз атанды. Жарыс Флорида штатындағы Веллингтон қаласында өткен.

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсеткен Жалғас америкалық Рэймонд Пэйджді жеңіп, NAGA-ның чемпиондық титулын иеленді. Жерлесіміз American Top Team командасының мүшесі екенін де атап өту керек.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсеткен алғашқы қазақ файтерлерінің бірі. Алайда, элиталық лигада оның жолы болған жоқ. Жеті жекпе-жектің тек біреуінде ғана жеңіске жеткен ол, қалған алтауында жеңіліп қалды.