Ол енді UFC-ге оралмауы мүмкін
Дамир Ысмағұлов (24-3) UFC-ден кеткеннен кейін алғаш рет ММА-да сынға түсіп, жеңіске жетті. Ол Алматыда Hardcore Fighting Championship бәсекесінде октагонға шығып, ресейлік Дмитрий Климовты (8-3) төрешілер шешімі бойынша ұтты.
Файтерлердің жекпе-жегі «Алматы аренада» өтті және HFC турнирінің басты оқиңасы болды. Үш раундқа есептелген айқас Ысмағұловтың пайдасына шешілді.
Осылайша Дамир аралас жекпе-жекте 25-ші рет жеңіске жетті. Ол былтыр тамыз айында UFC лигасынан шыққаннан кейін ММА ережелері бойынша алғашқы кездесуін өткізіп отыр. Айта кететін жайт, бұған дейін Дамир Ысмағұлов кикбоксинг ережелері бойынша Эдуард Вартанянмен жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған болатын. Бірақ, ол төбелес ресми есепке алынбайды.