«Тоқал алған файтер»: Мұратбек Қасымбай танымал бразилиялықты жойқын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Редактор
14.07.2024, 02:06

Оның қарсыласы UFC-де ұзақ уақыт өнер көрсеткен

скрин YouTube

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай Алматыда өткен Hardcore Fighting Championship турнирінде бразилиялық Диего Брандаоны нокаутпен жеңді.

Айта кету керек, Брандао бұған дейін әйгілі Макгрегормен де, Порьемен де айқасып көрген және жеңілген. Енді ол «қазақ Терминаторының» оңай олжасына айналды. Жерлесіміз бразилиялықты екінші раундта ұрып құлатып, оның белбеуін тартып алды.

37 жастағы Брандао MMA-да 29 рет жеңіп, 21 рет жеңілген. 2011 жылы ол The Ultimate Fighter шоуында жеңімпаз атанып, UFC-ге жолдама алған. Элиталық дивизионда бразилиялық файтер он жекпе-жек өткізіп, алтауында жеңіске жетті және төртеуінде жеңілді. Оның қатарында Макгрегор және Порьемен болған жекпе-жектер де бар.

Ал, Мұратбек Қасымбай болса бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, соның 11-де жеңіске жеткен. Ол әлеуметтік желіде де өте белсенді. Бұған дейін «тоқал алдым» деп оқырмандарын бір «шулатса», жуырда ағасына су жаңа көлік әперіп, елдің ықыласына бөленді.