UFC-ден шығарылған қазақстандық файтер АҚШ-тағы өмірі туралы айтып берді

Редактор
16.07.2024, 10:38

Жұмағұловтың есебінде UFC-де 1 жеңіс пен 6 жеңіліс бар

instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов (16-9) АҚШ-тағы өмірі мен шығындары туралы айтып берді. Ол UFC-ден екінші мүмкіндік аламын деген үмітпен АҚШ-қа кеткеніне екі айға жуық уақыт болды.

«Мен бірінші отбасыммен келдім. Қазір әйелім және бес баламмен біргеміз», - дейді Жалғас vesti.kz-ке берген сұхбатында.

Оның АҚШ-тағы күнделікті шығындар үшін ай сайын 8 миллион теңге жұмсайтыны белгілі болды.

«Мен айына 16-17 мың доллар жұмсаймын (7,5-8 миллион теңге). Мұнда пәтерді 6100-ге (2,89 миллион теңге) жалға алғанмын, бірден үш айға алдын ала 5 400 (2,56 миллион теңге) депозитті төледім. Және азық-түліктің өзіне қыруар ақша кетеді. Көлігімнің бары жақсы, 2021 жылы Денис досым Lexus RX 350 көлік сыйлаған, соны мініп жүрмін. Одан бөлек қолдап, көмектесіп жүрген ағаларым бар. Сондықтан бәрі жақсы», - дейді боксшы.

Айта кетейік, жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC-ден шығарылды. Бұл туралы Twitter-дегі UFC Roster Watch парақшасында ресми жазылған болатын.

Спортшы UFC-де 1 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілді. Ол соңғы жекпе-жегінде Джошуа Вануға (8-1) есе жіберген еді.

Жұмағұловтың есебінде UFC-де 1 жеңіс пен 6 жеңіліс бар.

 

Материалда: