Асу Алмабаев UFC рейтингінде бірден жоғары көтерілді

Редактор
17.07.2024, 10:00

Соңғы рет ол октагонға биыл 15 маусымда шығып, америкалық файтерді жеңген болатын

Getty Images

Аралас жекпе-жектен UFC лигасында жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ файтері Асу Алмабаев рейтингте жоғары көтеріліп, 15-орынға тұрақтады. Бұл туралы Fight HQ Instagram-парақшасында жазылған.

UFC лигасында үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен Асудың аяқ алысын америкалық функционерлер жоғары бағалап отыр. Ол болашақта чемпиондық белбеуге төбелесетін басты кандидат болуы мүмкін.

Қазір 15-орынды Асу қытайлық файтер Су Мудаержимен бірге бөлісіп тұр. Бірінші орында – америкалық Брендон Ройвал. Ал, бұл салмақта әлем чемпионы – бразилиялық Александр Пантожа.

«Ерлер арасында 125 фунтта Асу Алмабаев бірден жоғары көтеріліп, 15-орынға тұрақтады», - деп жазылған Fight HQ таратқан ақпаратта.

Асу Алмабаев соңғы рет октагонға биыл 15 маусымда шықты. UFC on ESPN 58 турнирінде ол америкалық Хосе Джонсонды төрешілер шешімімен жеңген.

Материалда: