«Миллиардтарды беріңдер». Қуат Хамитов Асу Алмабаевты қолдауға шақырды

Редактор
18.07.2024, 12:36

Асудың аяқ алысын америкалық функционерлер жоғары бағалап отыр

Instagram @kuat__khamitov

Қазақстандық атышулы файтер Қуат Хамитов UFC лигасында жеңіл салмақта өнер көрсететін файтер Асу Алмабаевқа қаржылай қолдау білдіру керегін мәлімдеді.

"Футболшыларға бөлініп жатқан миллиардтарды мына жігітке беріңдер! Біздің жігіттер ешқандай қолдаусыз биік белестерді бағындырып жүр!", - деп пікір қалдырды Қуат Хамитов Instagram желісінде.

Айта кетейік, Аралас жекпе-жектен UFC лигасында жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ файтері Асу Алмабаев рейтингте жоғары көтеріліп, 15-орынға тұрақтады.

UFC лигасында үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен Асудың аяқ алысын америкалық функционерлер жоғары бағалап отыр. Ол болашақта чемпиондық белбеуге төбелесетін басты кандидат болуы мүмкін.