XXI ғасырдың ең мықты 10 файтері анықталды: тізімде қазақтар жоқ

Редактор
23.07.2024, 12:48

Ресейдің екі спортшысы аталған тізімге енген

Getty Images

ESPN спорттық сайты аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп жүрген XXI ғасырдың ең үздік он файтерінің тізімін жасады. Рейтингке Қазақстан өкілдері жоқ.

Көшті америкалық файтер Джон Джонс бастап тұр. Ол UFC-дің ауыр салмақтағы чемпионы. Сондай-ақ, бұған дейін жартылай ауыр салмақта әлемнің екі дүркін чемпионы болған. Ал, екінші орында жартылай орта салмақта әлемнің үш дүркін чемпионы болған канадалық Жорж Сен-Пьер тұрса, үшінші орынға бразилиялық Андерсон Силва лайықты деп танылыпты.

XXI ғасырдың ең мықты 10 файтері:

1. Джон Джонс (27-1-0-1).
2. Жорж Сен-Пьер (26-2)
3. Андерсон Силва (34-11-0-1)
4. Деметриус Джонсон (33-4-1)
5. Хабиб Нурмагомедов (29-0)
6. Фёдор Емельяненко (40-7-0-1)
7. Рэнди Кутюр (19-11)
8. Чак Лидделл (21-9)
9. Би-Джей Пенн (16-14-2)
10. Камару Усман (20-4)

Айта кетейік, Джон Джонс өткен жылдың қазан айында жаттыуғы кезінде ауыр жарақат алып, қатардан шығып қалды. Оның емделуіне шамамен 8 айдай уақыт кетеді деп болжап отыр дәрігерлері.