Соңғы рет ол былтыр желтоқсанда октагонға шыққан болатын
Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің чемпиондық титулына қатысты өз ойымен бөлісті. Танымал файтер «Gorilla Fighting» YouTube-каналына сұхбат берген болатын.
Айта кетейік, жерлесіміз октагонда 18 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Дегенмен, әліге дейін UFC-дің чемпиондық белбеуіне қол жеткізген жоқ.
«UFC чемпионы болғым келе ме деп сұрайсыз, әрине болғым келеді. Қай файтер болғысы келмейді? Мен бұл үшін қолымнан клегеннің бәрін жасап жатырмын. Егер Алла қаласа – мен белбеуді аламын. Егер қаламаса – алмаймын. Бірақ, алу үшін қолымнан келгенді істеймін», - деді Рахмонов.
Айта кетейік, былтыр желтоқсанда соңғы жекпе-жегін өткізген қазақ файтері америкалық Стивен Томпсонды жеңген болатын. Дегенмен, ол сол кездесуде аяғын ауыр жарақаттап алып, әліге дейін емделіп жатыр. Өзінің жоспары бойынша, биыл қазан-қараша айларында октагонға оралуы тиіс.