«Шалабай атаның әруағы». Шымкентте файтер қарсыласпен кездесуге емшінің образымен шықты

Редактор
26.07.2024, 13:35

Ол Alash Pride FC 99 турнирінде өнер көрсетеді

Видеодан кадр

Арыстан шыққан файтер Мақсат Есболат «Face to Face» кезінде танымал емші Ұлықбек Смановтың образын киіп шықты.

Шымкенттегі Alash Pride FC 99 турнирінде өнер көрсететін файтер Мақсат Есболат қарсыласымен кездесуге емшінің киімімен келді. Емші Ұлықбек Сманов асырап алған балаларына ит-мысықтың етін жегізіп, зәр ішкізіп, қорлық көрсеткені белгілі.

Мақсат Есболат үстіне жылтыр шапан, басына үкілі тақия киіп, қолына «Шалабай ата» деген жазуы бар қағазды ұстап шыққан. Сахнаға шыққан соң қағазды жыртып, моншағын үзіп, тақиясын жерге лақтырады. Одан соң үстіндегі киімін жыртып, шешіп тастады.

MMA жауынгерінің трендтегі емшіні мазақ етуін желі қолданушылары сынап жатыр.

«Үкіні жерге таптап жеңген адамды көрмедім», «Тақияны жерге тастауға болмайды», «Әруақпен ойнауға болмайды», «Жеңілейін деп тұр ғой», «Мынау дұрыс болмады, бауырым», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, жекпе-жек шебері бүгін бразилиялық қарсыласы Лукас Оливейрамен төбелеседі.

Материалда: