Анасынан айырылған күні жекпе-жек өткізген спортшы карьерасын аяқтайтын болды

Редактор
01.08.2024, 17:13

Спортшы Қарағанды облысында зауытта жұмысшы болып істейді

Видеодан кадр

Аралас жек-жек өнерінің шебері Ернат Түгелбеков жеңіске жеткен соң бірер сағат бұрын анасының ұзақ жылғы сырқаттан көз жұмғанын айтқан еді. Көп ұзамай бұл жігіттің зауытта жұмыс істейтіні белгілі болды. 

Естеріңізде болса, спортшы қаралы хабарды естісе де, айқасқа шығуға мәжбүр болғанын алға тартты. Ол аралас жекпе-жек турнирлеріне анасын емдетіп, ақша табу үшін қатысып жүрген. 

«Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегенмін. Анам қатты ауырды», – деді ол көз жасына ерік беріп. 

«Балқаш жолбарысы» деген лақап атпен танымал спортшы Қарағанды облысында зауытта қарапайым жұмысшы болып істейді екен. Жұмысы мен жаттығуларын қатар алып жүретін көрінеді. Ол мұндай қадамға отбасын асырау үшін баруға мәжбүр. Себебі екі қызы бар, одан бөлек інісіне де жауапкершілікті өз мойнына алған. Енді карьерасын аяқтайтынын да айтты.

Материалда: