Хабиб Нурмагомедовтің бауыры әлемдегі ең үздік файтерлердің бірін ұтты

Редактор
08.09.2024, 11:12

Финалда төрешілер ортақ шешіммен жеңісті Усманға берді

fighttime.ru

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Усман Нурмагомедов отандасы Александр Шаблийді ұтты.

Осылайша, Хабиб Нурмагомедовтің бауыры жеңіл салмақта Bellator чемпионы атағын қорғады.

Финалда төрешілер ортақ шешіммен жеңісті Усманға берді — 50:45, 49:46, 49:46. 

Інісін қолдауға Хабибтің өзі арнайы барып, нұсқаулық беріп отырды.

Қазір Нурмагомедов қатарынан 18 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, соның жетеуінде Bellator-да үздік шыққан. Ал Александр Шаблий 9 жеңістен соң алғаш рет жеңіліс тауып отыр.