Асу Алмабаев UFС рейтингінде төмен түсті

Редактор
12.09.2024, 00:20

Ол қазандағы жекпе-жегінен кейін күрт жоғары көтерілуі ықтимал

Getty Images

Бір айдан кейін кезекті жекпе-жегін өткізетін қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) UFC рейтінгінде бір сатыға төмендеді. Аса жеңіл салмақта төбелесетін жерлесіміз енді 15-орында.

Айта кетейік, 20 қазанға қараған түні Асу Алмабаев Лас-Вегастағы UFC FIGHT NIGHT 245 турнирінде бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) төбелеседі. Бұл – қазақстандық файтер үшін алғашқы рейтингтік жекпе-жек. Оның қарсыласы рейтингте жетінші орында тұрғанын да айта кету керек.

Асу Алмабаев UFC лигасына былтыр тамыз айында келді. Сол уақыттан бері элиталық лигада үш кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Матеус Николау болса UFC-де он жекпе-жек өткізіп, оның жетеуінде жеңді, қалған үшеуін жеңілді.

Ең жеңіл салмақтың чемпионы – бразилиялық Александр Пантожа. Ал, рейтингтің көшін америкалық Брэндон Ройвал бастап келеді.

Материалда: