«Денесі іри бастаған»: полиция Ақтаудағы спортшының өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
23.09.2024, 15:31

Оқиға орнынан шприц пен ұнтақ табылған

lada.kz

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аралас жекпе-жек шебері Вусал Жафаровтың денесінің табылуына байланысты мәлімдеме жасады.

Ведомство дерегінше, іри бастаған мәйіт 20 қыркүйек күні сағат 22:30-да үйлердің бірінің маңындағы шөп арасынан табылған.

«Оқиға орнын қарау барысында шприц анықталды, сонымен қатар ер адамның шұлығынан ұнтақ тәріздес зат табылған. Қайтыс болған адам бұған дейін сотты болған. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», - делінген Маңғыстау облыстық ПД таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, Жафаровтың денесі Ақтаудағы 3-шағын аудандағы қоқыс контейнерлерінің бірінің маңынан табылған еді. Кейбір деректерде ер адамның соққыға жығылғаны туралы жазылған.

Материалда: