Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Ақтауда аралас жекпе-жек шеберін айуандықпен өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған

23.09.2024, 08:50

Спортшының денесі қоқыс контейнері маңында жатқан

Ақтауда аралас жекпе-жек шеберін айуандықпен өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған
lada.kz

Ақтаудағы 3-шағын ауданнан белгісіз ер адамның денесі табылған.  Lada.kz тілшісінің мәліметінше, оның аралас жекпе жек шебері  Вусал Жафаров екені анықталды.

WhatsApp мессенджерінде қоқыс контейнерлерінің жанында жатқан Вусал Жафаровтың суреттері тарады. Оның денесі көгеріп, ісініп кеткен.

Полиция департаменті мәйіттің 20 қыркүйекте табылғанынан растады.

“Табылған мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды”, - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Желі қолданушыларының айтуынша, Вусал Жафаровты ұрып-соққан, денесі көшеде бірнеше күн бойы жатып қалған.

Айта кетейік, Вусал Жафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастап, төрт жекпе-жек өткізген. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам