Өзбек файтері қазақ спортшысын тыйым салынған соққымен теуіп талдырып қоя жаздады (ВИДЕО)

Редактор
06.10.2024, 21:29

Турнир Балуан Шолақ сарайында өтті

скрин Instagram

Алматыда өтіп жатқан аралас жекпе-жектен Octagon 64 турнирінде қазақ Қажымұқан Еркін (1-0) мен өзбекстандық Жавохир Нарзуллаев (3-1) кездесіп, төбелес соңы дауға ұласты.

Аталған жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Қос файтер бірінші раунд бастала салысымен-ақ ашық айқасқа көшті. Ауыр соққылар, ауырту әдістері мен күрес әдістерін кезек-кезек қолданған олар жанкүйерлер көзайымына айналды. 

Алайда, үшінші раундта Жавохир Нарзуллаев жерде жатқан қазақ файтерін тыйым салынған әдіспен басынан теуіп, талдырып қоя жаздады. Төреші дереу жекпе-жекті тоқтатып, Өзбекстан спортшысына дисквалификация берді. Ал, жеңіске Қажымұқан Еркін жетті.

Жавохир Нарзуллаев аралас жекпе-жектегі екінші жеңілісіне ұшыраса, Еркін екінші рет жеңіп отыр.