Жекпе-жек бірінші раунда-ақ аяқталды
Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен Octagon 64 турнирінде қазақ жауынгері өзбекстандық файтерден күтпеген жерден ұтылып қалды.
Нұрбек Тәжібаев (6-3) пен Амирхон Алихуджаев (10-4) арасындағы жекпе-жек бірінші раунда-ақ аяқталды. Отандасымыз бірден шабуылға шыққан сәтте қарсыластың соққысы дәл тиіп, Тәжібаев октагонда етпетімен құлап түсті. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатып, Өзбекстан спортшысын жеңімпаз деп таныды.
Жеңіске жеткен сәтте өзбек файтері спорт сарайын басына көтері айқайлап, өзінің мықты екенін мәлімдеді. Ал жеңімпазды хабарлау сәтінде өзінің мықтыны екенін меңзеп, жеңіліп қалған отандасымызға сес көрсетті.