Қазақ балуаны 16 желтоқсанда америкалық Стивен Томпсонмен кездеседі
Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов қарындасы Сораның ұзату тойына келе алмады. АҚШ-та кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатқан спортшы құттықтауды видеотрансляция арқылы жасаған.
Айта кетейік, Сора Рахмонованың өзі де аралас жекпе-жек шебері. Ол MMA лигасында 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Биыл қыркүйекте UFC-ге жолдама алу үшін кезекті рет октагонға шығуы керек болған. Алайда, жарақатына байланысты төбелестен бас тартты.
Ал, оның күйеуі Нұрсұлтан Орынбасаров та спортшы. Ол джиу-джитсудан спорт шебері, Алматы облыстық мәслихатының депутаты.