«Сен жануарсың, мен сені тегістеймін»: әйгілі Емельяненко Қазақстан тумасын жекпе-жекке шақырды

Редактор
09.12.2023, 14:13

Дау ұлтаралық сипат алып кетуі мүмкін

РИА Новости

Аралас жекпе-жектен ресейлік әйгілі файтер Александр Емельяненко музыкант Миша Мавашиге қаһарын төгіп, Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлевтен кешірім сұрауын талап етті.

Айта кетейік, Маваши Қостанайдың тумасы. Қазір ол Ресейде өмір сүріп жатыр. Жуырда музыкант Умар Кремлевтің ұлтына және аты-жөніне қатысты жағымсыз пікір айтқан болатын. Оның олай айтуына Кремлевтің «Орыстар, алға» деген ұранды спорттық жарыстарда қолданбауға шақыруы себеп болған. «Бұл өз кезегінде ұлтаралық және дінаралық алауыздықты қоздыруы мүмкін» деген еді IBA президенті.

Миша Маваши болса Кремлевтің өзі орыс емес екенін, оның бұрынғы аты-жөні Умар-Али Назарович Лутфулоев екенін айтты.

Емельяненконың жауабы көп күттірген жоқ.

«Миша Маваши, сен менің кім екенімді білетін боларсың. Мен – Александр Емельяненкомын! Мен үшін орыс болу мәртебе. Умар Назарович Кремлев – нағыз орыстың азаматы. Ол Ресей боксының дамуына орасан зор үлес қосқан. Сен, Миша Маваши, жануарсың! Сен - жолдағы шаң-тозаңсың. Егер еркекше сөйлескің келсе жолығайық. Мен сенің жануар екеніңді, шаң-тозаң екеніңді дәлелдеп берем. Мен сені таптап өтем. Уақытың барда кешірім сұра», - деді Емельяненко.