Шавкат Рахмонов жеңіске жетіп, Алматыда UFC турнирі өтеді - сарапшы

Редактор
13.10.2024, 14:26

Шавкат Рахмонов MMA-де 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңген

UFC

Аралас жекпе-жек туралы жазатын ресейлік шолушы Игорь Лазорин өзінің телеграм-арнасында Шавкат Рахмоновтың алдағы уақытта өтетін жекпе-жегі туралы айтты.

Лазорин жартылай орта салмақта UFC чемпионы атағы сарапқа салынатын айқаста Шавкат жеңіске жетеді деп отыр.

«Болжам мынадай. Шавкат чемпион атанады. 2025 жылы UFC үлкен турнирді Алматыда өткізеді», — деп жазды Лазорин.

Айта кетейік, бұған дейін ұйым басшысы Дана Уайт чемпиондық белбеуге иелік ететін Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов арасындағы айқас 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде өтетінін мәлімдеген.

Шавкат Рахмонов MMA-де 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылғы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.