Ресейлік балуан аралас жекпе-жекте өз мүмкіндігін байқап көргісі келетінін айтқан
Еркін күрестен 74 келіде Токио Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаков UFC-ге ауысу туралы шешімін өзгерткенін мәлімдеді.
Париж Олимпиадасынан шеттетілген балуан маусым айында аралас жекпе-жекте өз мүмкіндігін сынауға бекінгенін айтқан еді. Алайда ол АҚШ-тан оралғаннан кейін бапкерлерімен ақылдаса келе еркін күресте өз мансабын жалғастыруға бекінгенін айтады.
«Мен еркін күреске 18 жыл уақытымды арнадым. Бапкерлеріммен сөйлескеннен кейін ары қарай осы спорт түрінде қала берудің қажеттігін анық түсіндім. Себебі күрес маған етене жақын. Өмірімнің ғаламат кезеңдерін еркін күресте өткіздім. Сондықтан ары қарай күресуді жалғастырамын», - деді балуан.
Айта кететін жайт, Заурбек Сидаков 2018-2019 жылдары әлем чемпион атанып, Париж Олимпиадасында топ жарды. Ал 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің 4 дүркін чемпионы Кайл Дейкті (АҚШ) айқын жеңді. Алайда ХОК шешімімен Ресей спортшылары Париж Олимпиадасынан тыс қалғанда бұл тізімге Сидаков та енді.
Ол бұған дейін қазақ балуандарымен белдескен болатын. Ресей балуаны Токио Олимпиадасының жартылай финалында қазақстандық Данияр Қайсановтан басым түскен болатын. Бүгінде ұлттық құрамада аталған салмақ дәредесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов өнер көрсетеді.