Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад туралы мультфильм шықты (ВИДЕО)

Редактор
16.10.2024, 10:36

Онда қазақ файтері қарсыласының басын қылышпен алады

скрин YouTube

7 желтоқсанда жеңілмеген қазақ файтері Шавкат Рахмонов америкалық Белал Мухаммадпен чемпиондық титул үшін октагонға шығатыны белгілі. Осы оқиғаға байланысты белгілі мультипликатор Моджахед Фудайлат анимациялық фильм жасап шығарды.

Фудайлат MMA тақырыбында мультфильмдер түсіріп, өзінің YouTube-каналында жариялаумен танымал болған. Жаңа еңбегінде ол Шавкаттың жеңетінін көрсетіпті.

«Белалдың қорқынышты түсі» деп аталатын әзіл мультфильмінде Дана Уайт Шавкатпен бірге Белалды жабылып ұрады. Кейін америкалық файтер қорқынышты түс көріп, түсінде оның жанын алуға атқа мінген Шавкат келеді. Дана Уайт болса бұл сәтте домбырамен күй тартып тұрады.

Айта кетейік, қос файтердің арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирі аясында өтеді.