Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)

Редактор
20.10.2024, 10:01

Ол енді чемпиондық титул үшін жекпе-жекке шығуы мүмкін

UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2) өз мансабындағы ең маңызды жеңістердің біріне қол жеткізді. Лас-Вегаста өткен UFC турнирніде отандасымыз бразилиялық ТОП-файтер Матеус Николаумен (19-5-1) октагонға шығып, төрешілер шешімімен басым түсті.

Айта кету керек, аса жеңіл салмақтың рейтингінде қазақстандық файтер 14-ші орында тұрса, оның қарсыласы Матеус Николау жетінші орында болған. Жекпе-жек 29-28, 29-28, 29-28 есебімен аяқталды.

Екінші раундта Николау Алмабаевқа тұншықтыру әдісін қолданып, мерзімінен бұрын жеңудің сәд-ақ алдында болды. Дегенмен, қазақ спортшысы тәжірибесінің арқасында партерден шығып кетті.

Есесіне, соңғы үшінші раундта Асу бразилиялықты нокдаунға жіберді. Сондай-ақ, осы соңғы кезеңде ол жекпе-жекті толығымен өз бақылауына алып, басымдығын көрсетті.

Осылайша, Асу Алмабаев UFC лигасындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал, аралас жекпе-жектегі жеңіс сериясы 17-ге жетіп отыр.

Жарнама
Жарнама

Материалда: