Екі спортшы да DAR Pro Team-да өнер көрсетеді
Жеңілмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (18-0) өзінің әріптесі Асу Алмабаевты (21-2) UFC турниріндегі жеңісімен құттықтады. Екі спортшы да DAR Pro Team-да өнер көрсетеді.
Асу дивизиондағы жетінші нөмірлі спортшы Матеус Николауды (19-5-1) ұтқан соң Шавкат оған арнап жазба жариялады.
"Құтты болсын, чемпион! Топ-7", - деп жазды Рахмонов.
Әзірге Алмабаевтың 7-орынға көтерілу-көтерілмеуі белгісіз. Бірақ қазақстандықтың мақсаты айқын, ол UFC-ден титулдық жекпе-жек сұрап отыр.
Ал Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі кезекті әрі карьерасындағы маңызды айқасын 8 желтоқсан күні өткізеді. Оның қарсыласы - промоушеннің қазіргі чемпионы Белал Мухаммад (24-3-0-1).