Қазақстанның танымал файтері Bellator чемпионынан жеңіліп қалды

Редактор
26.10.2024, 11:32

Ахметов бұған дейін UFC-ден түскен шақыртудан бас тартқан болатын

ONE FC

Абу-Дабиде аралас жекпе-жектен өткен ADXC 6 турнирінде қазақстандық Қайрат Ахметов (27-2) америкалық файтер Патрик Микстен (20-1) жеңіліп қалды.

Екеуінің арасындағы жекпе-жек төбелестің грэпплинг түрі бойынша өтті. Айқас тартысты өткенімен төрешілер жеңісті Belabor чемпионы Патрик Микске берді.

Айта кету керек, қазақ файтері жекпе-жекке шығу ұсынысын өте қысқа уақытта қабылдаған. Яғни, ол дайындыққа да аз уақыт жұмсады. Десе де, әлем чемпионымен бір деңгейде төбелесті.

2015 жылы Қайрат Ахметов ONE FC промоушенінің чемпионы болған. Артынша оған UFC-ден шақырту түскенімен, файтер бұл ұсыныстан бас тартты және әліге дейін осы промоушенде өнер көрсетіп келеді.