Хамзат Чимаев Қазақстан жайлы жылы лебізін білдірді

Редактор
26.10.2024, 15:37

Бүгін Хамзат Чимаев австралиялық Роберт Уиттакермен төбелеседі

Getty images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Ысмағұлов Хамзат Чимаевқа UFC-дегі кезекті жекпе-жегі алдында сәттілік тілеп, оның Қазақстанға деген қарым-қатынасы жайлы айтты. Тіпті Дамир Хамзатқа Қазақстанның спорттық киімін де сыйға тартты.

«Эльбрус тауындағы оқу-жаттығу жиындарында Хамзат Чимаев менен Қазақстанның спорттық киімін сұрады. Мен оған қуана-қуана сыйладым. Оның қазақтар мен біздің еліміз жайлы жылы лебізін естіп қуанып қалдым. Сәттілік тілеймін, жауынгер!» - деді Ысмағұлов.

Айта кетейік, бүгін Хамзат Чимаев UFC 308 турнирінде австралиялық Роберт Уиттакермен төбелеседі.

Материалда: