Хамзат Чимаев UFC-дің экс-чемпионын небәрі бірінші раундта жеңді (ВИДЕО)

Редактор
27.10.2024, 06:08

Енді ол осы промоушеннің әлем чемпионы атағы үшін төбелеседі

скрин

Абу-Дабиде өткен UFC 308 турнирінің басты картында төбелескен шешен файтері Хамзат Чимаев (14-0) аустралиялық Роберт Уиттакерді (26-8) небәрі бірінші раундта жеңді.

Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын. Алайда, 30 жастағы Хамзат бірінші раунд соңына жетпей Уиттакерді қылқындыру әдісі арқылы жеңіп кетті.

Айта кету керек, шешен файтері қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінің намысын қорғап жүр. Ол осы күнге дейін бірде-бір рет жеңілмеген және жеңіске жеткен 14 жекпе-жектің 12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған.

UFC-дің экс-чемпионы Роберт Уиттакер болса осымен сегізінші рет жеңіліп отыр. Бұған дейінгі екі жекпе-жегінде ол жеңіске жеткен болатын.

Енді Хамзат Чимаев UFC чемпионы атағы үшін Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Дрикус ди Плессимен (22-2) төбелесуі тиіс.

Материалда: