Ол өз салмағының уақытша чемпионы атану мүмкіндігінен де айрылып отыр
Алматыда өткен аралас жекпе-жектен Octagon 65 турнирінде қазақстандық Нұржан Ақышев (16-4-1) өзбек файтері Мавлонбек Миркомиловтен (6-2-1) жеңіліп қалды.
Аталған жекпе-жекте Oktagon лигасының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атағы бәске тігілген. Алайда, өзбек спортшысы салмақ өлшеу рәсімінен өте алмағандықтан, «сары қағаз» алып, бұл титулға күресу мүмкіндігінен айрылды. Яғни, белбеу тек Нұржан Ақышев үшін ғана сарапқа салынды.
Қазақ файтері бұл мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасқанымен, төрешілер жеңісті Миркомиловке берді. Енді аталған титул басқа үміткерлер арасында сарапқа салынады.
Осылайша Ақышев октагондағы бесінші жеңілісіне ұшыраса, Миркамилов жетінші жеңісіне қол жеткізді.