Спортшының денсаулығы сыр берген
Қазақстандық спортшы Кореяның ROAD FC Гран-при лигасында 27 қазан күні өнер көрсетуі тиіс еді. Tobet Top Team командасының өкілі Көшен Ақанов денсаулығына байланысты кореялық Ян Жи Ёнге қарсы жекпе-жекке шыққан жоқ. Бұл туралы Sport Plus Qazaqstan мәлім етті.
Жекпе-жекке бір күн қалғанда Көшен салмақ өлшеміне сәйкес келген еді, бірақ жекпе-жектен бас тартуға тура келді.