«Құрғақ уәде». Шавкат Рахмонов басты қарсыластарын сынап тастады

Редактор
11.11.2024, 22:13

Ол Камару Усман мен Колби Ковингтонға (17-4) қатысты пікір білдірді

©Vesti.kz, Турар Казангапов

Жеңілмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (18-0) жартылай орта салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы Камару Усман (20-4) мен промоушеннің танымал өкілі Колби Ковингтонға (17-4) қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін екі спортшы да UFC 310 турнирінде Шавкатқа қарсы айқасқа шығуға дайын екендігін мәлімдеген.

«Камару, Колби, сендерден бар еститінім – құрғақ уәде ғана! Шынайы ниет те, ұмтылыс та, әрекет те жоқ. Бар білетіндерің – БАҚ өкілдері мен жанкүйерлердің назарын аударту ғана, - деп жазды Рахмонов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бастапқыда Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC-дің қазіргі чемпионы Белал Мухаммадпен 8 желтоқсан күні Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде төбелесуі керек еді. Алайда америкалық спортшы жарақатына байланысты кездесуден бас тартты.

Материалда: