Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Колби Ковингтон Шавкат Рахмоновты балағаттап, жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)

Редактор
12.11.2024, 08:21

Шавкаттың жауабы да көп күттірген жоқ

Getty Images

Америкалық танымал файтер Колби Ковингтон Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы болуы мүмкін. Жарқын жеңістерімен ғана емес, шулы мәлімдемелерімен де есте қалған Ковингтон қазақ спортшысын балағаттап, оны жекпе-жекке шақырды.

Ол сондай-ақ, UFC президенті Дана Уайт пен вице-президенті Хантер Кэмпбеллге хабарласып, шұғыл арада жекпе-жек ұйымдастырып беруін талап ететінін айтқан.

«Маған дәл қазір Рубинштейннің (Шавкаттың менеджері – авт.) ҮЛКЕН АТЖАЛМАН туралы твитін көрсетті. Боқмұрын, тыңда мені, дәл қазір мен саған қажетті ең бірінші адаммын. Мен Хантер мен Данаға хабарласам, содан кейін көрейік кімнің хайп жасап жүргенін, есерсоқ», - деп мәлімдеді Колби Ковингтон өзінің видеоүндеуінде. Ол осы айтылғанның бәрін Шавкатқа аударып беруді де сұраған.

Шавкаттың жауабы көп күттірген жоқ. Ол аталған жазбаның астына келісімін берді.

«Мен дайынмын. Сенің бұл айтқандарың саған октагонда еш көмектеспейді», - деді қазақ файтері.

Айта кетейік, желтоқсанда Шавкат Рахмонов UFC-дің чемпиондық титулы үшін америкалық Белал Мухаммадпен төбелесуі керек болған. Алайда, қарсылас жарақатына байланысты жекпе-жекті кейінге қалдырды. Осыған байланысты UFC Шавкатқа уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндік берген. Алайда, әліге дейін лайықты қарсылас табылмай жатыр.

Жарнама
Жарнама