UFC басшысы Дана Уайт жекпе-жектің 5 раундқа созылатынын айтты
Жартылай орта салмақта жеңілмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқастың мәртебесі анықталды.
UFC басшысы Дана Уайт аңдатпа кезінде бұл айқастың UFC 310 тең дәрежедегі оқиғасы екенін және оның бес раундқа созылатынын айтты.
Ал сөзінің соңында Рахмонов - Гэрри жұбының жеңімпазы дивизион жеңімпазы 2025 жылы Белал Мухаммадпен кездесетінін алға тартты.
UFC постерінде де жекпе-жек бес раунд болатыны көрсетілген. Уақытша титул сарапқа салынбайды, соған қарағанда Белал келесі жылдың алғашқы жарты жылдығында төбелесуге уәде берген тәрізді.
Шавкат пен Иан о бастан-ақ бес раундтық айқасқа дайындалды. Сондықтан ұйым бұл жолы екеуіне бес раундтық жекпе-жекке мүмкіндік беруді жөн көрген.