Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Рахмонов vs Гэрри: Дана Уайт уақытша чемпиондық атақ неге сарапқа салынбайтынын айтты

Редактор
17.11.2024, 21:21

Қазақ файтері UFC басшыларына ренішін бұған дейін айтқан болатын

meta-ratings.kz

UFC басшысы Дана Уайт қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқаста титулдың неліктен сарапқа салынбайтынын түсіндірді. Уайттың сөзіне қарағанда, Белал Мухаммад көп ұзамай-ақ октагонға оралады. 

Сонымен қатар, ол Рахмонов (18-0) пен Гэрри (15-0) жекпе-жегін жартылай орта салмақтағы үздік айқастардың бірі болатынына сенімді.

«Белал көп ұзамай оралады. Сондықтан бұл айқас – нөмір бірінші үміткер атағы үшін талас. Бұл екі жігіт үшін де жақсы мүмкіндік, екеуі бес раундтық айқас өткізіп, сонан соң Белалмен кездеседі. 

Бұл жеңілмеген жігіттердің төбелесі. Болашағынан зор үміт күттіретін екі жауынгер қай үміткер мықты екенін өзара анықтайды», - деді Уайт. 

Дана Уайт Шавкаттың пікіріне қатысты да ойын білдірді. Бұған дейін Рахмонов өз дивизионынан көңілі қалғанын айтқан еді.

«Барлық жігіттің менен көңілі қалып жатады. Солардың ішінде Крис Уайдман (ол аренаға келген кезде қарсыласының денсаулығына байланысты жекпе-жекке қатыса алмайтынын білген) ғаламдағы көңілі ең қатты қалған адам болса керек. Бұл – спорт, сондықтан түрлі жағдайлар болады», - деп жауап берді Дана.

Айта кетейік, UFC 310 турнирі 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Жарнама
Жарнама