Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри 8 желтоқсанда кездеседі
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы, америкалық Белал Мұхаммад қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы алдағы жекпе-жекте өз фаворитін атады.
Рахмонов пен Гэрри 8 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінің басты оқиғасында кездеседі.
Мұхаммадтың әлеуметтік желідегі «Х» парақшасында оның бір оқырманы осы жекпе-жектің нәтижесіне қатысты пікірін сұрады.
«Менің ойымша, Иэн жеңеді», – деп жауап берді Белал.