Шавкат Рахмонов Иэн Гэрриді неліктен мерзімінен бұрын жеңе алмағанын түсіндірді

Редактор
08.12.2024, 11:47

Былтыр ол соңғы жекпе-жегінде ауыр жарақат алған

Vesti.kz

Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрриді жеңген қазақ Шавкат Рахмонов жекпе-жектің неліктен мерзімінен бұрын аяқталмағанын түсіндірді.

Айта кетейік, Рахмонов бұған дейінгі 18 жекпе-жегінің бәрін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Ал, ирландиялық Иэн Гэрримен болған ауыр кездесу 5 раундқа толық жалғасып, төрешілер шешімімен қазақ файтері жеңіске жетті.

«Биыл менде проблема көп болды. Дайындық барысында көп қиындық көрдім. Десе де, барынша жоғары деңгейде дайындалуға күш салдым. Оның үстіне, Гэрри өте мықты файтер, ол мұны дәлелдеді», - деді Шавкат Рахмонов жекпе-жектен кейін.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда қазақ файтері америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізіп, аяғынан ауыр жарақат алған еді. Мұнан кейін ол бірнеше ай жаттығу жасай алмады.