Көпшіліктің сүйіктісіне айналып үлгерген Кай Асакура чемпиондық титул үшін айқаста оңбай жеңілді (ВИДЕО)

Редактор
08.12.2024, 11:58

Ол – Жапониядағы ең атақты спортшылардың бірі

Getty Images

Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінің басты оқиғасы аса жеңіл салмақтағы бразилиялық әлем чемпионы Алешандре Пантожа (28-5) мен жапон Кай Асакура (21-4) арасында өтті. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, әлем чемпионы өз титулын қорғап қалды.

Айта кетейік, Кай Асакура бұған дейін UFC-де мүлдем өнер көрсетпеген. Ол Жапонияның Rizin Fighting Federation лигасында чемпион болған және жанкүйерлердің сүйіксітіне айналып үлгерген.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бірінші раундта аяқталды. Қылқындыру әдісіне түсіп қалған Асакура қарсыласының қарқынына шыдай алмай, төбелесті тоқтатуды сұрады. Осылайша оның UFC-дегі дебюті сәтсіз аяқталды.

Ал, Пантожа болса өзінің чемпиондық титулын қорғап, 29-шы жеңісіне қол жеткізді.