Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Тоқаев Шавкат Рахмоновты құттықтады

Редактор
08.12.2024, 13:18

Екеуі былтыр наурыз айында Ақордада кездескен болатын

Ақорда

UFC-дегі кезекті жеңісіне жеткен қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Айта кетейік, Рахмонов бүгін ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Бұл оның мансабындағы 19-шы жеңісі және Рахмонов бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

«Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Еске салайық, Тоқаев Шавкат Рахмоновты былтыр наурыз айында жеке қабылдап, оған биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірген еді. Сондай-ақ, оның жеңістері жастарға үлкен мотивация болатынын да айтқан.

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін әлем чемпионы титулы үшін өткізуі тиіс. Бұл атақ қазір америкалық файтер Белал Мухаммадқа тиесілі.

Жарнама
Жарнама