Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Шавкаттың біткен жері осы шығар деп ойладым – Қуат Хамитов

Редактор
08.12.2024, 12:21

Қазақ файтері 19-шы жеңісіне қол жеткізді

скрин YouTube

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Шавкат Рахмоновтың UFC 310 турниріндегі ирландиялық Иэн Гэрримен кездесуіне баға берді.

Айта кетейік, аталған жекпе-жек бес раундқа жалғасып, төрешілер шешімімен қазақ файтері жеңіске жетті. Бұған дейінгі кездесулерінің бәрін ол мерзімінен бұрын ұтып келген.

«Иэн Мачадо Гэрри таңғалдырып қана қоймай, бәрімізді қорқытып та жібергені рас. Бесінші раундта ол Шавкатты мойнынан қыса бастағанда, біткен жері осы шығар деп ойлағанмын. Жалпы алғанда, өте жақсы айқас, тең өтті деп ойлаймын», — деді Қуат Хамитов.

Жекпе-жектің алғашқы төрт раунды Рахмоновтың толық бақылауымен өткенімен, бесінші раундта ол ирландиялықтың қылқындыру әдісіне түсіп қалды. Бірнеше минут арпалысқан Шавкат раунд соңына қарай Гэрридің құрсауынан шығып, жекпе-жекті аяқта тұрып аяқтады. Төрешілер бірауыздан жеңісті Рахмоновқа берді – 48-47.

Жарнама
Жарнама