Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елдегі жемқорлармен күресуде Антикор басшысына Шавкат Рахмонов қолдау көрсетеді

Редактор
10.12.2024, 15:53

Шавкат Рахмонов елдегі жемқорлыққа қарсы акцияға қосылды

instagram.com/shavkatrakhmonov94

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. Осыған орай қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов елдегі жемқорлыққа қарсы акцияны қолдайтынын айтты.

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен UFC 310 турниріндегі жеңістен кейін Рахмонов әлеуметтік желідегі жеке парақшасына Антикордың логотипі бар сурет жүктеп, «Жеңіске бірге жетейік» деп жазды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің аккаунтын белгілеп, оған жемқорлықпен күресте қолдау көрсетті», - деп жазды агенттік.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде аралас жекпе-жектегі мансабында 19, ал UFC-де 7-рет жеңіске жетті. Сондай-ақ ол қарсыласын алғаш рет мерзімінен бұрын емес, төрешілердің шешімімен жеңді.

Жарнама
Жарнама

Материалда: