Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

30 жастағы Алмабаев келесі жекпе-жегін 2025 жылы өткізеді

Редактор
17.12.2024, 09:58

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды

Getty images

Асу Алмабаев бесінші жекпе-жегін 2025 жылдың көктемінде өткізеді. Бұл туралы Спорт Шредингера арнасы мәлім етті.

Алмабаев 1 наурызда UFC Vegas 103 (басқа атауы – UFC Fight Night 253) турнирінде Лас-Вегаста өнер көрсетеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 2 наурыз күні таңертең өтеді. Турнир UFC Apex залында ұйымдастырылады – бұл UFC-дің арнайы түсірілім павильоны, мұнда көрермендер саны шектеулі болады.

Бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі бесінші жекпе-жек болмақ. Қазақстандық файтердің қарсыласы топ-10 үздіктерінің арасынан таңдалады.

Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамызында Одди Осборнды сабмишн әдісімен жеңумен бастаған болатын. 2024 жылы ол бірінен соң бірі СиДжей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды шешіммен жеңді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: