Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«UFC-ге ауысады»: Әлем чемпионы атанған Қайпанов Шавкат Рахмоновпен күресті

Редактор
05.01.2025, 12:08

Қос спортшы жаттығу залында бозкілемге шығып, еркін күрес тәсілімен белдескен

Видеодан кадр

Өткен жылдың қазан айында Албанияда өткен әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов белгілі файтер Шавкат Рахмоновпен бірге жаттығу жасады.

Танымал қос спортшы жаттығу залында бозкілемге шығып, еркін күрес тәсілімен белдескен. Сол сәтте әлем чемпионы Қайпановтың салмағы 70 келі болса, Рахмонов 77 келі болған.

Аталған жағдайға аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жанкүйерлері ерекше таңданыс білдіріп, қолдау көрсетті. Олардың дені балуандармен бірлесіп жаттығу болашақта өз жемісін беретінін айтқан.

«Жарайсыңдар! Екеуіне де пайдалы белдесу болды», «Шавкат өзіне қажетті тәжірибені алды», «Алда әлем чемпионы атанады», «Нұрқожа мықты балуан» деген сыңайда пікір жазып қалдырған.

Естеріңізде болса, Шавкат Рахмонов өткен жылдың соңында АҚШ-та жекпе-жек өткізіп, 1 млн доллардан астам қаржыға қол жеткізді. Бұл сома спортшының мансабындағы әзірге қомақты сома болып отыр.

Жарнама
Жарнама