Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегіне Жәнібек Әлімханұлының бапкерімен дайындалып жатыр

Редактор
07.01.2025, 08:58

Белал биыл қазақ файтері Рахмоновпен айқаста чемпиондық атағын қорғауы тиіс

Видеодан кадр

UFC лигасында орта салмақта әлем чемпионы атанудан үміткер Шавкат Рахмонов дайындықты күшейтті.

Ол шыққан тегі пәкістандық, АҚШ-тың атынан өнер көрсететін Белал Мухаммадпен кездесуге жан-жақты дайындалуда. Күрестегі қабілетін жетілдіру үшін Албанияда өткен әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпановпен жаттығып жүр.

Ал соққысын жетілдіруге кәсіпқой бокста орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) алғашқы бапкері Мұрат Сиқымбаевты шақырған.

Айта кетейік, Белал биыл қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен айқаста чемпиондық атағын қорғауы тиіс. Әзірге бұл жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны белгіленбеді. 

Шавкат пен Белал былтыр желтоқсанда кездесуі керек еді, алайда америкалық жарақатына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартты. UFC болса Шавкатқа қарсылас ретінде ирландиялық Иэн Гэрриді беріп, бұл жекпе-жекте қазақ файтері жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама