Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Тілші Шавкат Рахмоновтың басты артықшылығын атады

Редактор
12.01.2025, 10:56

Ол мамыр айында Белал Мухаммадпен чемпиондық титул үшін төбелесуі мүмкін

Getty Images

ММА туралы жазатын спорттық шолушы Михаил Краймер Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Шавкат Рахмонов (19-0) пен Белал Мухаммадпен (24-3) өтуі мүмкін кездесуге қатысты пікір білдірді.

Журналист Краймерден «Рахмонов Мухаммадқа қарсы тағы да жарақатпен шығуы мүмкін бе?» деп сұраған. 

«Жекпе-жекпен айналысып жүріп ешқашан бұған мән бермеген екенмін. Бірақ спортшылар айқасқа толыққанды сау болып шықпайды. Мүмкін салмақ қумайтын ауыр салмақ өкілдерінде ғана болатын шығар. Диета кезінде жарақаттар ушығып кетеді: ағзадағы бүкіл дәрумен шығып кетеді, себебі үш ай бойы дамылсыз жұмыс істейсің. Дегенмен, Шавкат жарақатпен де төбелесе алатынын Иэн Гэрримен айқаста дәлелдеді.

Белал жас емес, сондықтан оның денсаулығы керемет деп айта алмайсың. Оның үстіне, ол қазір спаррингте саған ешкім ұтыла қоймайтын Хабиб Нурмагомедовтің лагерінде. Тиісінше ол жақта жарақат алу қаупі жоғары. Бұл туралы біз айқастан соң немесе лагерьдегі жігіттердің бірінен естиміз», - деді Краймер.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы Белал Мухаммад болуы мүмкін. Кейбір дереккөз өкілдері бұл кездесу мамыр айында өтуі мүмкін дегенді алға тартты.

Қос файтер былтыр желтоқсанның басында төбелесуі керек болған. Алайда, жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда Белал Мухаммад денсаулығының сыр бергенін айтып, Шавкат өзге спортшымен октагонға шықты.

Жарнама
Жарнама