Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ағылшынша түсінбеген Хабиб Нурмагомедовті стюардесса ұшақтан түсіріп кетті

Редактор
12.01.2025, 17:26

Спорт сарапшылары бұл жайтты Хабибтің мансабындағы алғашқы жеңілісі деп әзілдеуде

көрнекі фотосурет

UFC-дің экс-чемпионы, мансабында мүлдем жеңіліп көрмеген дағыстандық файтер Хабиб Нурмагомедов көздеген жеріне жете алмады. Ағылшын тілін білмеген спортшы American Airlines ұшағында стюардессамен сөзге келіп, борттан шығып кетуге мәжбүр болған.

Ресейдегі ең дәулетті спортшылардың бірі болғанына қарамастан (байлығы – 40 млн доллар), Хабиб ұшақтың эконом-класс санатынан орын алыпты. Оның орындығы апатты есік жанында болғандықтан, стюардесса спортшыдан «апат болған жағдайда өзгелерге көмектесе аласыз ба» деп сұраған. Хабиб болса ағылшын тілін түсінбегендіктен, сұраққа жауап бермеді. Тиісінше, борт қызметкерлері одан өзге орынға отыруды талап еткен. Келіспеген жағдайда ұшақтан түсіп қалуын сұраған. 

Даңқты файтер сөзге келмей, ұшақтан түсіп кетті. Ол Лас-Вегастан Лос-Анджелеске ұшпақ болған.

Хабиб қазіргі таңда өз командасымен бірге Лос-Анджелестегі базада жаттығу жасап жүр. Ол Шавкат Рахмоновтың болашақ қарсыласы – орта салмақтағы әлем чемпионы Белал Мухаммадқа көмектесуде.

Жарнама
Жарнама