Макгрегор тағы әйел зорлады деп айыпталып отыр

Редактор
16.01.2025, 17:22

Бұл жолы америкалық 49 жастағы әйел арыз беріп отыр

Brian Lawless/Getty Images

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор тағы да әйел зорлады деп айыпталуда. Бұл жолы ирландиялық файтердің үстінен америкалық 49 жастағы әйел арыз беріп отыр.

Front Оffice Sports мәліметінше, оқиға 2023 жылғы 9 маусымда, Макгрегор «Майами Хит» пен «Денвер Наггетс» арасындағы ҰБҚ матчына барған кезде болған.

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, спортшы оны ер адамдарға арналған әжетханада күшпен зорлаған. Дегенмен баскетбол аренасының қызметкерлері Макгрегордің әрекетіне қатысты шара қолданбаған. Әйел адам бірден полицияға арыздаған, алайда тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.

Естеріңізде болса, былтыр қараша айында ирландиялық аралас жекпе-жек шебері зорлау ісі бойынша кінәлі деп танылып, зардап шеккен әйелге қомақты өтемақы төлеу туралы шешім шығарған.

Материалда: