Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге әзір оралмайды

19.01.2025, 10:10

Оның өтінішін UFC басшылары қабыл алмаған

UFC

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Аустралиядағы UFC 312 турниріне қатысуға ниет білдіріп, жарақат алған Стюарт Николлды алмастыруға дайын екенін жазған болатын. Алайда, Дана Уайт қазақ спортшысына қызығуышылық танытпай отыр.

Еске салайық, 8 ақпанда өтетін Сиднейдегі турнирде жапониялық Рэй Цуруя (10-0) мен аустралиялық Стюарт Николл (8-1) айқасы өтуі керек болған. Алайда, Николл жарақат алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Ал, Жалғас Жұмағұлов UFC лигасынан шығып қалса да, резервтегі файтерлер тізімінде тұр.

«Мен дайынмын. Кез келген уақытта қоңырау шалыңыз, Мик Мэйнард», – деп жазған еді Жалғас өзінің Instagram-парақшасында.

Мик Мэйнард – UFC ұйымының вице-президенті және матчмейкерлерінің  бірі. Ол әртүрлі салмақтарда жекпе-жектерді  ұйымдастыруға жауап береді.

Осылайша, Мэйнард та, Уайт та Жалғасқа жауап бермеді. Оның үстіне, Рэй Цуруяның да Аустралияда төбелесуі екіталай.

Жалғас Жұмағұлов UFC лигасында 2020 жылы дебют жасаған. Аталған лигада ол барлығы 7 жекпе-жек өткізіп, алтауында жеңіліп қалды.

Жарнама
Жарнама