Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әйгілі Умар Нурмагомедов мансабында алғаш рет жеңіліп қалды

Редактор
19.01.2025, 11:12

Ол бұған дейін қазақ Бекзат Алмаханды жеңген болатын

Getty Images

Инглвудта (Калифорния, АҚШ) UFC 311 турнирінің басты оқиғаларының бірі аяқталды. Аса жеңіл салмақта әлем чемпионы – грузин Мераб Двалишвили (18-4) титулын қорғау үшін дағыстандық Умар Нурмагомедовпен (17-0) төбелескен болатын.

Бес раундқа жоспарланған чемпиондық жекпе-жек соңына дейін өтті. Төрешілер шешімімен Мераб Двалишвили жеңімпаз деп танылып, өзінің чемпиондық титулын қорғап қалды. Есеп – 48-47, 49-46, 48-47.

Грузин файтері үшін бұл алғашқы титул қорғау жекпе-жегі еді. Ал, 29 жастағы Нурмагомедов титул үшін алғаш рет төбелесті. Сондай-ақ, ол аралас жекпе-жектегі алғашқы жеңілісіне де ұшырап отыр.

Умар – әйгілі Хабиб Нурмагомедовтің туыс інісі. Ол бұған дейін қазақ Бекзат Алмаханды жеңген болатын. Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық – Сергей Морозовты да жеңіліспен үйіне қайтарған.

Жарнама
Жарнама