Ислам Махачевке Шавкат Рахмоновтың салмағына өтуге кеңес берілді

Редактор
20.01.2025, 09:40

Дағыстандық файтер әлем чемпионы атағын төртінші рет қорғап отыр

Chris Unger/Zuffa LLC

Ресейлік танымал файтер, Fight Nights лигасының чемпионы Дмитрий Бикрев күні кеше титулын төртінші рет қорғаған Ислам Махачевке жоғары салмақ дивизионына көшуге кеңес берді. Еске салайық, UFC-де жеңіл салмақта өнер көрсететін Махачев күні кеше бразилиялық Ренато Мойканоны бірінші раундта-ақ жеңген болатын.

Әзірге жеңіл салмақта дағыстандық файтерге төтеп бере алатын ешкім болмай тұр. Сондықтан ол орта салмаққа көшуі керек дейді Бикрев.

«Жеңіл салмақта Махачевке қиындық туғызатын ешкімді көріп тұрған жоқпын. Тіпті, Хабиб мансабын аяқтағанда біраз сұрақтар туындаған еді. Ал, Махачевте бір ғана мәселе тұр – Царукянмен реванш. Ал, Оливейра мен Порьені Ислам жеңіп алған. Гейджи мен Чендлер оған қарсы түк істей алмайтыны анық. Енді Топурия 70 келіге көтерілмесе Махачевке 77 келіге жоғарылауы керек. Сол жақта Рахмонов пен Белал Мухаммадтың қай жеңгенімен төбелеседі. Болмаса Царукянмен жекпе-жекті қайта күтуі керек», - деді Бикрев «РБ Спортқа» берген сұхбатында.

Айта кетейік, Махачев пен Царукян 19 қаңтарда UFC 311 турнирінде төбелесуі керек болған. Алайда, жекпе-жекке бір жарым тәулік қалғанда Арман Царукян жарақат алғанын айтып, кездесуден бас тартты. UFC басшылары оны бразилиялық Ренато Мойканомен алмастырды.