Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ислам Махачев бразилиялық файтерді бірінші раундта жеңіп, UFC рекордын орнатты

Редактор
19.01.2025, 11:27

Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған бразилиялық файтер ешқандай қарсылық таныта алмады

Getty Images

UFC-де жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Ислам Махачев (27-1) Инглвудта (Калифорния, АҚШ) өткен UFC 311 турнирінде бразилиялық файтерді жеңіп, титул қорғау жағынан лиганың абсолютті рекордшысы атанды.

Еске салайық, титул қорғау жекпе-жегін Махачев армян файтері Арман Царукянмен өткізуі тиіс болған. Алайда, бірер күн қалғанда Царукян ауыр жарақат алғанын айтып, бұл кездесуден бас тартты. UFC президенті Дана Уайт болса шұғыл шара қабылдап, оны бразилиялық Ренато Мойканомен алмастырды.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бірінші раундта аяқталды. Мойкано қылқындыру әдісіне түсіп қалып, Махачевтің құшағынан шыға алған жоқ. Рефери төбелесті дереу тоқтатты.

33 жастағы Ислам Махачев осымен төртінші рет өзінің чемпиондық титулын қорғап қалды. Ал, Мойкано болса UFC чемпион болу мүмкіндігінен айрылып отыр.

Жарнама
Жарнама