Ол чемпиондық титулды келер жылдан қалдырмай алуды көздейді
UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) Камару Усманмен (20-4) жекпе-жек ұйымдастыру үшін жерлестерінен көмек сұрады.
Рахмоновтың пікірінше, алдағы уақытта титулға төбелесудің ең қысқа жолы – осы Усманмен жекпе-жек ұйымдастыру және оны жеңу. Сондықтан, ол қазақстандықтарға америкалық промоушнның әлеуметтік желідегі парақшаларына «шабуыл жасауды» сұрады.
«Камару Усманмен төбелессем жақсы болар еді. Егер маған оны берсе мен жеңіп, бірден рейтингте бірінші орынға шығар едім және белбеуге бірінші претендент болар едім.
Ендеше, қазақтар, тек қана алға. Маған Камару Усманды әкеліңдер», - деді Шавкат Рахмонов «Вестник MMA» YouTube-каналына берген сұхбатында.